АСТАНА. 14 мамыр. Германияда Франкфурттан Венаға ұшпақ болған жолаушыны әзілі үшін ұшаққа отырғызбады. Бұл туралы newsfiber.com хабарлады.
40 жастағы әйел кішкентай баласымен болған. Жүгін тексеру кезінде ол тәртіп сақшыларына өзімен бірге жарылғыш зат алып шыққанын айтып, әзілдеген. Дәл осылай үш рет әзілдеген әйел соңында жарылғыш заты мен баласының ойыншығын қайтаруды өтінеді.
Полицейлер жолаушының сөзінен күдіктеніп, оны тыңғылықты тексеруге жібереді. Қауіпсіздік қызметінің мамандары әйелдің жүгінен ешқандай жарылғыш зат тапқан жоқ. Соған қарамастан, ана мен бала ұшаққа жіберілмеді.
Әзілдеймін деп жолынан қалған әйел полицейлерді себепсіз әбігерге салғаны үшін қомақты айыппұл төлеуі де әбден мүмкін.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: newsfiber.com.
• 14 Мамыр, 2015
Германияда жолаушы әзілдегені үшін ұшаққа жіберілмеді

Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Аймақтар • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Кеше
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Кеше