ҚЫЗЫЛОРДА. 17 тамыз. Қызылорда облысында қырылған малдың өтемақысы төленіп жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Шілденің басында Жаңақорған ауданына қарасты 5 шаруа қожалығында мыңнан астам қой шығынға ұшыраған болатын. Осының салдарынан ауданда төтенше жағдай жарияланып, ауырған малдарды оқшаулау, емдеу шаралары жүзеге асырылды. Індет ошағында зерттеу-сараптау жұмыстарын жүргізген ветеринарлар малдың қырылуына эндотоксимия және пастереллез індеті себеп болды деген қорытынды жасады. Қазіргі таңда ауру малдарды санитарлық союға және мал иесіне өтемақы төлеуге жергілікті бюджеттен 16 миллион теңге бөлініп, қолдағы түлігінен айырылған шаруалардың шығыны өтелуде. Облыстық ветеринариялық бақылау басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетов соңғы бір аптадағы тексеріс бойынша Бесарық, Көбелдес шаруа қожалықтарында мал өлімі тоқтағанын айтты. Басқарма тарапынан шаруа қожалықтарында шығынға ұшырыған және ауырып тұрған малдарға күнделікті бақылау жасалып, тиісті емдеу шаралары уақытылы жүргізілуде. Ержан Байтілес. Дерек: egemen.kz. Сурет: kazgazeta.kz.
Экономика • 17 Тамыз, 2015
Қызылордада қырылған малдың өтемақысы төленіп жатыр
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:44
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Бүгін, 14:36
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Бүгін, 14:25
Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15
Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00
«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті
Партия • Бүгін, 12:49
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді
Партия • Бүгін, 12:29
Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады
Сұхбат • Бүгін, 12:15
Пікір • Бүгін, 12:00
Руханият • Бүгін, 11:50
Қазақстан армиясының әлемдік рейтингтегі орны бағаланды
Әскер • Бүгін, 11:15
АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынды
Әлем • Бүгін, 10:39
Алматыда «Батырларға тағзым – мәңгі жадымызда» патриоттық акциясы өтеді
Алматы • Бүгін, 10:06