ҚЫЗЫЛОРДА. 17 тамыз. Бүгіннен бастап «Қайсар» ҚОФК» ЖШС-нің директоры міндетіне ресми түрде Нұржан Жалғасбаев тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осы кезге дейін Нұржан Жалғасбаев «Қазақстан спорттық технологиялары» ЖШС-інде бас менеджер қызметін атқарып, елімізді әлемдік берндтердің спорттық экипировкаларымен және жабдықтарымен қамтамасыз етіп отырды. Сондай-ақ, ол сол қызметінде «Тур Алматы» дәстүрлі веложарыс бәйгесін ұйымдастыруға ат салысты. Еліміздің қаржы институты саласындағы тәжірибесі зор. Нұржан Жалғасбаев ішкі әскер және ішкі істер органдарында да қызмет атқарды.
Нұржан Жалғасбаев 1983 жылдың 9 наурызында дүниеге келген. Қызылорда қаласының тумасы. Заңгер және экономист мамандықтары бойынша жоғары білімі бар. Отбасын құрған, екі баланың әкесі.
Командаға жаңа директорды Қызылорда облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев таныстырып, қызметіне табыстар тіледі. Өз кезегінде команданың жаңа директоры да сенімді ақтауға бар күшін салатынын жеткізіп, «Қайсар» футбол клубын жаңа белестерге көтеру үшін аянып қалмайтынын айтты.
«Маған сенім артқан облыс басшылығына алғысым зор! Жанкүйерлер де сенсе деймін. Жалпы, Қызылорда үшін мен бөтен адам емеспін. Осында өстім, алты жылдай футболмен айналыстым. Алғашқы жаттықтырушым Василий Цыпкун болатын. Кейін барша балалар секілді Владимир Ольшанскийдің қарамағында жаттықтым. Сіздермен бірге «Қайсар» футбол клубын жаңа белестерге көтеріп, стадионға көрерменді неғұрлым көбірек тартамыз деп ойлаймын», - деді Нұржан Жалғасбаев.
Дастан Кенжалин.
Дерек, сурет: «Қайсар» ҚОФК» ЖШС.

Айбын • Бүгін, 18:00
Жамбыл облысында жоғалған малшы аман табылды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Айбын • Бүгін, 17:20
Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:55
Жаңа саяси күш: «Әділет» партиясының басты ұстанымдары қандай?
Партия • Бүгін, 16:24
Димаштың жанкүйерлері шала туған сәбилерге көмек көрсетті
Оқиға • Бүгін, 15:50
Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30
Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті
Мереке • Бүгін, 15:05
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:44
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Бүгін, 14:36
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Бүгін, 14:25
Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15
Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00