Фото: egemen.kz/ Қырмызы Жұмағалиқызы
Атап айтқанда, бұл процестер композиттік мемлекеттік қызмет форматына көшіріледі. Соның нәтижесінде халыққа қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды отандық нарыққа шығару мерзімі қысқарады. Сонымен қатар ұзақ уақыт кома жағдайында жатқан азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін нормалар бекітіледі.
Мұндай науқастардың туыстары олардың атынан мүгедектік тобын белгілеу үшін куәландыруға өтініш бере алады. Бұл тиісті жәрдемақылар мен техникалық оңалту құралдарын алуға мүмкіндік береді.