Фото: Видеодан алынған кадр
Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті мешітке келіп, сөреден құны 175 мың теңге тұратын аяқ киімді ұрлап кеткен. Ал өзінің аяқ киімін сол орында қалдырған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жеке басын анықтап, оны қысқа мерзімде ұстады. Ұрланған аяқ киім тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазір күдіктінің осыған ұқсас басқа да құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.