Алматы • Бүгін, 13:10

Алматыда биыл 2 мыңнан астам жаяу жүргінші өткелі жаңартылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда күн жылып, құрылыс маусымы басталысымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында жол таңбаларын жаңарту жұмыстары қолға алынған. Бұл туралы Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда биыл 2 мыңнан астам жаяу жүргінші өткелі жаңартылады

Биыл Алматыдағы 2 мыңнан астам жаяу жүргінші өткелін жаңарту жоспарланып отыр. Бұл жол белгілерінің көрінуін арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар көлік легін реттеу, қозғалысты жүйелеу, жолда қозғалыс тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратын бойлық жол таңбаларын сызу жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр.

Шетелдік автосаяхатшы Алматының көрікті жерлерін аралады

Жалпы жұмыс көлемі кемінде 300 мың шаршы метр жол таңбасын қамтиды. Таңбалар негізінен түнгі уақытта сызылады. Бұл көлік қозғалысына түсетін жүктемені азайтып, жұмысты жедел әрі тиімді орындауға жағдай жасайды.

Алматы энергетикалық кешені жаңғыртылып жатыр

Жұмыстар кезең-кезеңімен, көлік қозғалысының қарқынын және тұрғындардың өтінішін ескере отырып жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Шұбартаулықтарды шулатқан жол

Аймақтар • Бүгін, 14:15