АСТАНА. 27 наурыз. Қытайдың Шанхай қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтуде. Додада ел намысын жалғыз Денис Тен қорғауда. Бүгін ол қысқа бағдарлама бойынша жарыс жолына шықты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Осы ретте айта кетер жайт, Денис Тен айдынға шыққан кезде ұйымдастырушылар қателікке жол берді. Олар біздің спортшының композициясын қосу кезінде салғырттық танытып, Теннің жүйкесіне айтарлықтай салмақ түсірді. Ал мәнерлеп сырғанауда мұндай жайт спортшыға кері әсерін тигізері анық. Нәтижесінде, Денис алғашқы жаттығуында қателік жіберуге мәжбүр болды. Десек те, қалған уақытта барлық жаттығуын мінсіз орындаған оны төрешілер 85,89 ұпаймен бағалады. Бұл көрсеткішпен Қазақстан спортшысы әзірге үшінші орында келеді. Ал Жапония сенім артқан Юдзуру Ханю 95,20 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орынға 92,74 ұпай жинаған Испания спортшысы Хавьер Эрнандес жайғасты.
Ерлер арасындағы еркін бағдарлама ертең болады. Сайысты «Қазақстан» ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 15:35-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысқан Абзал Рахымғалиев және жұптық билеу сайысында өнер көрсететін Ілияс Әли мен Карина Узуровалар негізгі кезеңге өте алмады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: facebook.com.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше