АСТАНА. 27 наурыз. Өзбекстан президентінің қызы Гүлнар Каримова елдің ұялы байланыс саласындағы халықаралық компаниялардан күдікті жолмен ақша алып отырған. Бұл туралы minval.az хабарлады.
Хабарламада көрсетілгендей, Гүлнар Каримова Өзбекстанда бұрын жұмыс істеген және қазір қызмет көрсетіп жатқан халықаралық ұялы байланыс компанияларынан 1 млрд. АҚШ долларын заңсыз алған көрінеді.
Г.Каримованың ісіне қатысты үш жылға созылған зерттеу жұмысының есебін OCCRP (коррупциялық және ұйымдасқан қылмыстарды зерттеу ұйымы) орталығының жетекші сарапшысы Миранда Патручич Норвегияның Тонсберг қаласында жиналған жүздеген журналистің алдында жариялаған.
Сарапшылардың сөзіне қарағанда, Гүлнар Каримованың ресейлік және скандинавиялық компаниялардан өз сыбайластары арқылы 1 млрд.-тан астам АҚШ долларын алғанын растап беретін құжаттар табылған. Зерттеушілер оларды мұқият тексеріп шыққан.
Зерттеу нәтижелері көрсетіп бергендей, президенттің қызы өзінің айтқанына көнбеген шетелдік компанияларды «жаптырып тастаймын» деп, мемлекеттік құзырлы орындар арқылы қорқытып отырған. Ол сондай-ақ, әлгі құрылымдардың табысынан үлес алу мақсатында үзілді-кесілді әрі ақылға сыйымсыз талаптар қойған. Дәлірегі, ол әдетте ұялы байланыс саласындағы ірі компаниялардан табыстарының 26 пайызын беруді талап еткен. Осындай қысымнан COSCOM компаниясы Өзбекстанның ұялы байланыс нарығын тастап шыққан.
Миранда Патручич: «Біздің қолымыздағы құжаттар оның тым ашкөз екенін әрі коррупциялық әрекеттері мүлде тереңдеп кеткенін көрсетті», – дейді.
Тағы бір айта кетер жайт, ұялы байланыс операторлары Өзбекстанда 3G лицензиясын қиындықсыз алу үшін және оптикалық кабель мен WiMAX және WiFi желілерін тартуға рұқсат алу үшін Гүлнар Каримованың есеп-шоттарына күдікті төлемдер арқылы жүздеген млн. доллар аударған.
Қазіргі таңда Швейцарияда оның иелігінде деп саналған Takiland ltd компаниясының 800 млн. доллары мен Швециядағы 30 млн.-нан астам АҚШ доллары бұғатталған.
Айта кетейік, Өзбекстан бас прокуратурасының соңғы дерегіне сәйкес, Гүлнар Каримова үй қамағында отыр.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: minval.az.
• 27 Наурыз, 2015
Гүлнар Каримованың заңсыз әрекеттері әшкереленді

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 21:33
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Бүгін, 20:50
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36