Фото: ІІМ
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжановтың айтуынша, биылғы 3 айдың ішінде 34 жасырын есірткі зертханасы жойылған (10-ы синтетикалық, 24-і фитозертхана).
«Мысалы, Талдықорған қаласында шетел азаматтары бірден екі есірткі зертханасын ұйымдастырған. Жабдықтар, реагенттер және дайын есірткі өнімдері тәркіленді. Күдіктілердің әрекеттері DarkNet арқылы жүргізілген. Жалпы заңсыз айналымнан шамамен 3 тонна есірткі, оның ішінде 840 килограмм синтетика тәркіленді. Бұл 3 миллионнан астам бір реттік дозаға тең. Есірткі бизнесіне келтірілген шығын 29 миллиард теңгеден астам», деді Қ. Әлжанов.
Жетісу облысында есірткі дайындаумен айналысқан 2 шетелдік азамат ұсталды
Сонымен қоса, 11 тонна прекурсор айналымға жіберілмеді. Шамамен 6 мың тұрғынның және 108 мың шетелдіктің есепшоты бұғатталып, олар бойынша барлық транзакция түріне шектеу қойылды. 93 миллион теңге көлеміндегі қаражат тоқтатылды.
Аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Қарағандыда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті: 2 мыңнан астам граффити жойылды