Америкалық Ким Чемберс (Kim Chambers) 50 шақырымдық қашықтықты жүзіп өткен тарихтағы ең алғашқы әйел атанды.
Ол Фараллон аралынан «Алтын қақпа» (Golden Gate) көпіріне дейінгі аралықты жүзіп өтіп, судағы ең қауіпті белестердің бірін бағындырды.
Тарқата айтсақ, 38 жастағы әйел салқын суға түсіп, 50 шақырым қашықтыққа жүзу жорығын бастады. Ал мәреге 17 сағат өткеннен кейін жеткен.
«Бүкіл командам мені бас бармақтарын жоғары көтеріп, қолдап тұрды. Маған бұл аралықты жүзіп шығу оңай болған жоқ», – деді Ким Чемберс.
Осынша уақытқа созылған жүзу барысында онымен қатарласып анасы мен команданың 16 мүшесі қайықпен жүзіп отырған. Олар қауіп төне қалған жағдайда көмекке келмекші болған.
Ким Чемберс – бұрынғы балерина. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын қайғылы жағдайға ұшырап, екі аяғы түгел жансызданып қалған болатын. Міне, сол оқиғадан кейін аяқтарын қалпына келтіру үшін Чемберс жүзумен айналысуды бастапты.
Тарих беттеріне үңілсек, бұрын Фараллон аралы мен аталған көпірдің аралығын төрт ер кісі жүзіп өткен екен. Бұл жердің қауіптілігі, онда арал мен Сан-Франциско жағалауындағы тасбақалармен қоректенетін үлкен ақ акулалар көптеп кездеседі.
Талғат РАЙЫМБЕК.

Айбын • Кеше
Жамбыл облысында жоғалған малшы аман табылды
Оқиға • Кеше
Айбын • Кеше
Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Өшпес даңқ • Кеше
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Кеше
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Кеше
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Кеше
Өшпес даңқ • Кеше
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Кеше
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Кеше