48 келідегі отандасымыз Айгерім Сәттібаева шаршы алаңның иесі Номундари Енх-Амгаланмен жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жекте Номундари Енх-Амгалан 5:0 есебімен басым түсті.
Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан қытайлық қарсыласын 3 рет нокдаунға түсірді
Ал 75 келідегі Сабыржан Аққалықов жарыс қожайыны Далай Ганзоригті мерзімінен бұрын жеңді. Отандасымыз алғашқы раундтан басымдықты қолға алып, 1-раундта қарсыласын 2 рет нокдаунға түсірді. 2-раундта Сабыржанның айқын басымдығын көрген төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады.
Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан Моңғолия боксшысына есе жіберді
Сондай-ақ Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 85 келідегі Нұрбек Оралбай жартылай финалда шаршы тағы бір Моңғолия өкілі Бариахаан Доржбен қолғап түйістірді. Нұрбек Оралбай алғашқы раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп, қалған раундтарда да басымдығын көрсетіп, 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті.