Фото: Ашық дереккөзден
Қаскөйлер алтын бұйымдарды, ақша және басқа да құнды заттарды ұрлап, жәбірленушілерге жалпы 21 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 20 наурызда криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Олардың 9 пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды.
Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды
Пәтер ұрлығымен айналысқан тағы бір қылмыстық топ 24 наурызда Алматы облысы аумағында ұсталды. Олардың 3 пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Бұл топта 14 және 17 жастағы жасөспірімдер болған.