Фото: ortcom.kz
Кездесу барысында «Qazaq Digital Mektebi» инновациялық жобасын қаржыландыру және оған инвесторларды тарту тетіктері қарастырылды.
Ротация реформасы: Мектеп директорларын шекті мерзімге тағайындау қаншалықты тиімді?
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы қыркүйек айында еліміздің 7 облысында пилоттық режимде іске қосылады. Пилоттық жоба аясында Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы шағын жинақты мектептерді қамту жоспарланып отыр. Қазір арнайы тұжырымдама бекітіліп, таңдап алынған мектептердің техникалық жағдайы зерделеніп жатыр. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, білім ошақтарын заманауи құрылғылармен жабдықтау және сапалы цифрлық инфрақұрылыммен қамту жұмыстары басталған.
Мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениет сабақтары басталды
Бағдарлама ауыл мектептері үшін оқытуды басқарудың ұлттық платформасын енгізу және ол платформаны бірегей цифрлық білім беру контентімен қамтуды көздейді. «Qazaq Digital Mektebi» жобасының сәтті орындалуы ауыл балаларына бәсекеге қабілетті білім алуға мүмкіндік беріп, еліміздің адами капиталын дамытудың негізгі қозғаушы күшіне айналады.