«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында ел Конституциясының 20 жылдығына арналған конференция өтті. Облыстық мәслихат пен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырған конференцияға елімізге танымал қоғам қайраткерлері, облыстық мәслихаттың бірінші және бесінші шақырылымдарының депутаттары, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, сайлау комиссияларының төрағалары, сот, прокуратура және әділет органдарының, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Аталған жиынның шымылдығы «Қазақстан – Ақтөбе» телекомпаниясы Конституцияның 20 жылдығына арнап түсірген бейнефильм көрсетілімімен ашылды. Конференцияны облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова қысқаша сөз сөйлеп ашып, Ата Заңымыздың айшықты қағидаттарына назар аударды. Ол біздің елімізде көп ұлттық және ұлтаралық келісімге басымдылық берілетініне, 20 жыл бойы ұстанып келе жатқан Конституциямыздың бұл қағидаттың тиімді атқарылуына қызмет ететіндігіне еліміздегі еркіндік пен бостандықтың қамтамасыз етілгеніне тоқталды. Парламент Мәжілісінің екінші және үшінші шақырылымдарының депутаты, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталы «Конституция –Қазақстан Республикасының Негізгі заңы» деген тақырыпта баяндама жасады. Ол мемлекет саясатының түп қазығы Ата Заң екеніне назар аудара келіп, еліміздегі Конституцияның қалыптасу жолдарын саралай әңгімеледі. Ел егемендігінің, мемлекет тәуелсіздігінің берік тұғыры – Ата Заңымыз туралы тарих ғылымдарының докторы Нұртаза Абдоллаев, мәдениет қайраткері Еркін Құманбеков толымды пікір айтып, тарих көшіндегі Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздеріміздің маңызын аша түсті.
Конференция соңында еліміздің конституциялық негізінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқаны және еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі игілікті істері және белсенді қатысқаны үшін бір топ ақтөбеліктерге «Қазақстан мәслихатына – 20 жыл» мерекелік медалі мен облыстық мәслихатттың алғыс хаттары тапсырылды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Айбын • Кеше
Жамбыл облысында жоғалған малшы аман табылды
Оқиға • Кеше
Айбын • Кеше
Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Өшпес даңқ • Кеше
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Кеше
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Кеше
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Кеше
Өшпес даңқ • Кеше
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Кеше
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Кеше