«Отандық технологияларға көбірек қаражат жұмсау керек», деді Олжас Бектенов.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төрағасы Асхат Хасеновтің айтуынша, бүгінде геологиялық барлау жұмыстарына көбіне шетел технологиялары қолданылады. Сонымен қатар салаға заманауи шешімдер біртіндеп енгізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, сейсмикалық барлауда жарылыссыз әдістер қолданылады, бұл Қаражанбас кен орнында жұмыс тиімділігін 50%-ға арттыруға мүмкіндік берді.
Бұл ретте, отандық ғылыми-технологиялық база дамып келеді. Ғылыми-зерттеу университеттерімен бірлесіп, тыңайтқыштарды қорғауға арналған күкірт негізіндегі полимерді әзірлеу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл технологияны енгізу азоттың жоғалуын азайтады және оны пайдалану тиімділігін арттырады деп жоспарланған.
Жаңа Салық кодексі: Интернет-платформа операторларына қойылатын талаптар өзгермек