Үкімет • Бүгін, 15:40

Олжас Бектенов: Ғылымға ұзақ мерзімді инвестиция салуды ынталандыру қажет

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді инвестиция тарту мәселесін көтерді. Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұзақмерзімді инвестиция тартудың жаңа тетіктерін әзірлеу тапсырылды, деп жазады Egemen.kz.

Олжас Бектенов: Ғылымға ұзақ мерзімді инвестиция салуды ынталандыру қажет

«Инвестиция тартуды ынталандыру керек. Қазіргі уақытта инновацияға қомақты қаржы саламын деп жүрген кәсіпкерлер көп деп айта алмаймыз. Мұндай үрдіс Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де солай. Сондықтан бизнесті ынталандыру тетіктері болуы керек», деді Олжас Бектенов.

Елімізде қанша ғылыми зертхана жұмыс істеп тұр?

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қолданыстағы тәсілдер, оның ішінде коммерцияландыруға арналған гранттар, Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар үшін салықтық преференциялар, эндаумент-қорлар және басқа да тетіктер туралы баяндады.

Ғылым – тәуекелі жоғары инвестиция

Соңғы жаңалықтар