Үкіметте оларды ұтымды пайдалану жөнінде жоспарлар бар ма?
Қарағанды және Қазақстанның басқа да облыстарында орын алған көктемгі су тасқыны, олардың алдын алу және тиісінше қасіретті салдары бәрімізді де терең ойландыруға тиіс. Су басқан аудандардағы қалпына келтіру жұмыстары еліміз үшін, шыны керек, өте қымбатқа түсіп отыр. Бұған апаттың мүмкіндігін тиімді пайдалана алмай отырған өзіміз де кінәліміз.
Атап айтқанда, бүгінгі таңда БҰҰ осы бағытқа ерекше мән беріп келеді. Мысалы, 2015 жылғы 20 наурызда Нью-Делиде жария етілген «Орнықты дамуға арналған су» тақырыбындағы баяндамасында таяу жылдардағы негізгі күн тәртібінде экожүйе, судың сапасы және апаттарды басқару басты назарға алынатыны атап өтілген.
Әрине, табиғи су көлемін жинау мен пайдалану проблемасы Қазақстан үшін жаңалық емес. Оның сыртында, 2014 жылы сәуір айында Су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Алайда, биылғы көктем экономиканың табиғи ресурсы ретінде су тасқындарын қалай тиімді пайдалану қажет деген мәселенің өзектілігін арттыра түсті. Ендеше, азаматтарымыздың қауіпсіздігін сақтай отырып, көктемдегі судың жайылуын пайдалы іске бағыттайтын кез келді.
Қазақстандағы барлық өзендердің негізінен 70-тен 80 пайызға дейін қардың суларымен толығып отыратыны белгілі. Айталық, табиғи сумен аз қамтылған Қарағанды өңірінде су ресурстарының 87 пайызынан астамы қардың сулары есебінен қалыптасады. Сондықтан, қар көп түскен сайын су тасқындарынан құтыла алмаймыз. Біз бүгінде су тасқынына қарсы қорғайтын қабырғалар, бөгеттер мен тоғандар, айналып өтетін арналар салумен қатар, басқа да іс-шараларды қолға алу, оның ішінде өзен арналарын реттеп отыру үшін су қоймасы құрылысын салу мәселесі өзекті болып тұр деп ойлаймыз.
Қысқасы, бізге су қорын кейін аграрлық сектордың, энергетика және басқа да салалардың қажетіне пайдалану үшін көктемгі еріген суды жинайтын тоғандар қажет. Бұл ретте, Астана мен Атырауда орын алған жаңбыр суының оқыстан болған тасқындарын басқару туралы да есте ұстағанымыз жөн. Біздің ойымызша, қажетті көлдерді жасау төтенше жағдайлар және суға қатысты басқа да қызметтердің жұмыстарын жетілдіру арқылы мүмкін болмақ.
Айтпақшы, Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі болған кезде тасқын суларды жинау үшін отыз су қоймасы құрылысының жобасы жарияланған болатын. Ал бүгінде оның тағдыры мүлдем белгісіз.
Осы арада Үкіметке: «Бүгінгі таңда Үкіметте тасқын және жаңбырдың суларын ұтымды пайдалану жөнінде жоспарлар бар ма?» деген сұрақ қою орынды болмақ. Оның үстіне су ресурстарының тапшылығы мен шектеулілігі республика экономикасына және оның Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институттық реформасы шеңберіндегі жоспарларына қатер төндіретінін Үкіметтегілер де жақсы білсе керек.
Андрей БЕГЕНЕЕВ,
Мәжіліс депутаты.

Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21