Референдум • Кеше

Ретрокөлігімен жетті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қонаев қаласының құрметті азаматы, белгілі кәсіпкер Мұрат Сіргебаев республикалық референдум күні ерекше бастама көтеріп, ретрокөліктерден құралған автошеру ұйымдастырды. Қала көшелерімен жүріп өткен сәні келіскен көне автомобильдер көпші­лік назарын аударды.

Ретрокөлігімен жетті

«Бүгін республикалық референдумға келіп, дауысымды бердім», деді Мұрат Сіргебаев. Ал кәсіби парапланшы Ескендір Жүнісов референдум учаскесіне көктен қалықтап ұшып келіп, өз таңдауын жасады. Бұл ерекше қадам  ел болашағына деген биік мақсаттар мен азаматтық белсенділіктің жаңа рәмізіне айналды. Ескендір Толқынұлы зеңгір көкте еліміздің  Көк байрағын желбіретіп, жұртшылықты саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.

Сондай-ақ «Қонаев» қорының вице-президенті Дәулетбек Жанботаев да­уыс беру учаскесіне мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев мінген тарихи жәдігер «Чайка» автокөлігімен келгені дауыс берушілерді бейжай қалдырмады. Көпшілік естелік суреттерге түсті.

Айта кетейік, Қонаев қаласында 31 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.

Алматы облысы,

Қонаев қаласы

 

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:47

Бірліктің жоғары көрсеткіші

Референдум • Бүгін, 08:50

Халықаралық байқаушылардың бағасы

Референдум • Бүгін, 08:30

Ақпаратты жедел таратты

Референдум • Бүгін, 08:20

Айман мен Шолпанның тілегі

Референдум • Бүгін, 08:10