АСТАНА. 14 тамыз. Америкалық Ким Чемберс (Kim Chambers) 50 шақырымдық қашықтықты жүзіп өткен тарихтағы ең алғашқы әйел атанды. Бұл туралы ras.kz хабарлады.
Ол Фараллон аралынан «Алтын қақпа» (Golden Gate) көпіріне дейінгі аралықты жүзіп өтіп, судағы ең қауіпті белестердің бірін бағындырды.
Оқиға өткен жұма күні орын алды. Сол күні кешке 38 жастағы жүзгіш салқын суға түсіп жорығын бастады. Ал мәреге 17 сағат өткеннен кейін жетті.
«Бүкіл командам мені бас бармақтарын жоғары көтеріп, қолдап тұрды. Маған бұл аралықты жүзіп шығу оңай болған жоқ», – деді Ким Чемберс.
Осынша уақытқа созылған жүзу барысында онымен қатарласып анасы мен команданың 16 мүшесі қайықпен жүзіп отырған. Олар қауіп төне қалған жағдайда көмекке келмекші болған.
Ким Чемберс – бұрынғы балерина. Ол қайғылы оқиғадан кейін аяғы түгелге жуық жансызданып қалған аяғын қалпына келтіру жүзумен айналысуды бастапты.
Бұрын Фараллон аралы мен аталған көпірдің аралығын төрт ер кісі жүзіп өткен екен. Бұл жердің қауіптілігі, онда арал мен Сан-Франциско жағалауындағы тасбақалармен қоректенетін үлкен ақ акулалар көптеп кездеседі.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: ras.kz.

Айбын • Кеше
Жамбыл облысында жоғалған малшы аман табылды
Оқиға • Кеше
Айбын • Кеше
Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Өшпес даңқ • Кеше
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Кеше
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Кеше
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Кеше
Өшпес даңқ • Кеше
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Кеше
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Кеше