Фото: election.gov.kz
Референдум кезінде 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс атқаратын болады.
Әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне орай және азаматтарымыз санының төмен болуына байланысты, 10 елдегі 11 учаске ашылмайды (Иран, Израиль, Иордания, Қатар, БАӘ (2 учаске), Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия).
Шетелдегі дауыс беретін Қазақстан азаматтарының жалпы саны 14 380 адамды құрады.
Референдум учаскелерінде дауыс беру Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-де Токио және Сеул қалаларында басталды. 08:00-ге дейін жалпы 23 референдум учаскесі ашылып, оларға келіп дауыс бергендер саны 198 адамды құрады.
Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда
Ең соңғы ашылып, жабылатын референдум учаскесі АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында орналасқан. Бұл учаске Астана уақытымен бүгін сағат 19:00-де ашылады және 16 наурызда сағат 08:00-де жабылады.
Дауыс бергендердің саны бойынша ақпарат түске дейін әр 2 сағат сайын, ал түстен кейін әр сағат сайын жаңартылып тұрады.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов республикалық референдумда дауыс берді