Теннис • Бүгін, 20:45

Анна Данилина WTA-1000 санатындағы турнирдің финалына шықты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина BNP Paribas Open турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анна Данилина WTA-1000 санатындағы турнирдің финалына шықты

Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы беделді хард турнирінде қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен жұп құрап өнер көрсетіп жатыр. Олардың дуэті жарыста бесінші нөмірмен тіркелген.

Жартылай финалдық кездесуде Данилина мен Крунич жетінші нөмірмен тіркелген испаниялық Кристина Букша мен америкалық Николь Меликар-Мартинес жұбын сенімді түрде жеңді. Матч екі сетте – 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.

Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық-сербиялық жұп үш эйс жасап, бір қос қателік жіберді және 13 брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланды.

Финалда Анна Данилина мен Александра Крунич чехиялық Катерина Синякова және америкалық Тейлор Таунсенд жұбымен кездеседі. Үшінші нөмірмен тіркелген бұл дуэтке қарсы шешуші матч 14 наурызға жоспарланған. 

Анна Данилина АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады

Индиан-Уэллстегі сәтті өнерінің арқасында Анна Данилина жұптық разрядтағы әлемдік рейтингте төртінші орынға көтеріледі. Бұл – теннисшінің карьерасындағы ең үздік нәтиже болмақ.

Сенсация: Анна Данилина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Соңғы жаңалықтар