«Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны жыл сайын Атыраудың әлеуметтік саласына қолдау білдіреді. Былтырғы қарашада өңірдегі емдеу орындарына медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 4 миллион АҚШ долларын бөлген еді. Биылғы жылдың алғашқы жартысында облыстық кардиологиялық орталыққа, облыстық балалар ауруханасына, сонымен бірге, Мақат, Индер, Махамбет, Жылыой, Құрманғазы, Исатай және Қызылқоға аудандарының орталық ауруханаларына осы заманғы медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды.
– Біз заманауи жабдықтармен жұмыс істеу үшін арнайы оқудан өткен мамандардың Атырау облысы тұрғындарының денсаулығын нығайтуға жаңа мүмкіндік алғанына қуаныштымыз. Енді тұрғындардың, ересектермен қатар, балалардың да басқа жаққа бармай-ақ, өздерінің тұрғылықты жерінде диагностикадан өтіп, қажетті медициналық көмек алуына мүмкіндік туды, – дейді «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының бас директоры Тим Миллер.
Кардиологиялық орталыққа жүрек соғысының бұзылуын хирургиялық емдеу және радиожиілікті аблациялау процедурасын өткізу үшін ST.Jude Medical (АҚШ) фирмасының электрофизиологиялық зертханасын, «Филипс» фирмасының (Нидерланды-АҚШ) спиралдық, 128 кесінді компьютерлік томографты, «Карл Шторц» (Германия) фирмасының лапаро-торако-кардиохирургиялық операцияларын өткізуге арналған бейне-эндоскопиялық кешенін, аудиометриялық модульді және басқа да диагностикалық жабдықтар тапсырылды. Бұл жабдықтарды пайдалануға және қолдануға даярлау кезеңінде облыстық және аудандық ауруханалардың 29 қызметкері оқытылыпты.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
АТЫРАУ.
• 14 Тамыз, 2015
4 000 000: Атыраудағы медицина саласына осынша АҚШ долларының медициналық жабдығы тарту етілді

Айбын • Кеше
Жамбыл облысында жоғалған малшы аман табылды
Оқиға • Кеше
Айбын • Кеше
Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Өшпес даңқ • Кеше
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Кеше
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Кеше
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Кеше
Өшпес даңқ • Кеше
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Кеше
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Кеше