Оқиға • Бүгін, 11:35

Бүгін елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

8 наурызда Қазақстанның көптеген өңірінде қар, жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ және күшті жел күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, елдің бірқатар облысында жауын-шашын күшейіп, желдің екпіні 15–28 м/с дейін жетуі мүмкін. Кей өңірлерде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ қалыптасады.

Батыс өңірлерде, соның ішінде Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. 

Солтүстік аймақтарда, атап айтқанда Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 23–28 м/с дейін жетеді. Петропавл, Көкшетау және Қостанай қалаларында да қарлы боран мен көктайғақ болуы мүмкін.

Орталық өңірлерде, атап айтқанда Қарағанды мен Ұлытау облыстарында қар аралас жаңбыр, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні кей уақытта 23 м/с дейін күшеюі ықтимал. Қарағанды мен Жезқазғанда тұман түсіп, жолдар тайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–25 м/с дейін күшейеді. Өскемен мен Семейде күннің екінші жартысында жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа райы салыстырмалы жұмсақ болғанымен, тұман мен көктайғақ қаупі сақталады. Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының кей аудандарында тұман түсіп, таулы өңірлерде желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін.

Батыс және оңтүстік-батыс өңірлерде де ауа райы тұрақсыз болады. Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.

Синоптиктер ел тұрғындарына ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолда сақ болуға, алыс сапарға шыққанда қауіпсіздік шараларын ескеруге кеңес береді.

Мақалада

Соңғы жаңалықтар

Бизнестегі бибілер

Бизнес • Кеше