Карими еркін жаттығулар бағдарламасында екінші нәтиже көрсетті. Финалда ол 14.300 ұпай жинап, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Беларусь спортшысы Егор Шарамков 14.533 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Үшінші орын жапониялық Казуки Минамиге бұйырды – 14.200.
Сондай-ақ бүгін, 7 наурызда қоссырықтағы жаттығулар бойынша финал өтті. Қазақстандық Дмитрий Патанин 13.166 ұпай жинап, жетінші орын алды.
Қазақстанның бес гимнасты Әзербайжандағы әлем кубогы кезеңінің финалында өнер көрсетеді
Айта кетейік, алда Қазақстан құрамасын тағы бірнеше финал күтіп тұр. Милад Карими мен Диас Тойшыбек кермедегі жаттығуларда өнер көрсетсе, Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуларда бақ сынайды.