Бұл туралы академияның Instagram-дағы ресми парақшасы хабарлады.
«Nigel James Elite Coaching» талантты Дастан Сәтпаевқа қолдау көрсетіп, тәлімгерлік ету жауапкершілігін өз мойнына алды. Дарынды жас ойыншы келесі маусымда «Қайрат» құрамынан «Челси» клубына ауысуды жоспарлап отыр. 17 жастағы шабуылшы – Қазақстаннан шыққан ең жарқын таланттардың бірі. Дастанды, Nigel James Elite Coaching ұжымын және «Челсиді» қызықты кезеңдер күтіп тұр», делінген хабарламада.
Жарияланымдағы фотолардың бірінде Найджел Джеймс пен Дастан Сәтпаев «Қайраттың» базасында бірге түскен фотосы да жарияланған.
Үздік–2025: Дастан Сәтпаевқа «Спорттағы жыл серпіні» атағы берілді