Кино • Бүгін, 16:50

Елімізде киножобаларды іріктеу конкурсы басталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сапалы және рухани тәрбиелік мәні бар кино жасау туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан жыл сайынғы киножобалар конкурсы бүгін басталды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде киножобаларды іріктеу конкурсы басталды
Премьер-министрдің айтуынша, іріктеудің басым тақырыптары Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сайтында жарияланды.
«Биыл туған жер, отбасы, салауатты өмір салты, ұлттық құндылықтар, еңбек, заң, тәртіп, табиғат, ғарыш, туризм сияқты жан-жақты тақырыптар легі ұсынылып отыр.
Маңызды жаңалықтардың бірі – іріктеу жасанды интеллекттің көмегімен өткізіледі. Бұл шешім қабылдаудағы ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге көмектеседі», деп жазды Аида Балаева. 
Ережеге сәйкес бірінші кезеңде тек сценарий жоспарлары қабылданады. Екінші кезеңде құжаттар топтамасының толық сәйкестігі тексеріледі. Ал ашық қорғау мен питчинг кезеңі онлайн көрсетілім арқылы өтеді.
«Конкурс нәтижесінде мемлекеттік қолдау тапқан жобалардың 70 пайызы жас режиссерлердің туындылары екені ерекше қуантады. Сапалы, сауатты фильмдер түсіргісі келетін авторларға сәттілік тілеймін!», дейді ол. 
 
Соңғы жаңалықтар

Жетісуда 4546 құрт дайындалды

Аймақтар • Бүгін, 17:40