фото: ҚФФ.
Алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» арасындағы матч нағыз тартысқа толы болды. Жеңімпаз тек пенальти сериясында анықталды.
Ойынның 6-минутында-ақ «Тобыл» сапынан Л. Герра есеп ашып, командасын алға шығарды. Алайда, «Қайрат» көп ұзамай 20-минутта Мрынский таразы басын теңестірді (1:1). 26-минута Қайраттың жаңа ойыншысы Оксанен командасын алға шығарды.
Екінші таймның соңына дейін «Қайрат» басымдықты ұстап тұрғанымен, 89-минутта «Тобылдың» капитаны Асхат Тағыберген айып добынан әдемі соққысымен есепті теңестіріп (2:2), ойынды пенальти сериясына ұластырды.
Пенальти сериясы кезінде қостанайлық клубтың футболшылары асқан дәлдік танытты. Пенальти сериясы 4:5 есебімен «Тобылдың» пайдасына аяқталды.
Осылайша, «Тобыл» футбол клубы 2026 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері атанды.
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды