28 ақпанда Иран әуе кеңістігінің жабылуына және өңірдегі тұрақсыз жағдайға байланысты келесі өзгерістер енгізілді:
-
KC263 Алматы – Медина, KC897 Алматы – Дубай, KC653 Алматы – Доха, KC205 және KC207 Астана – Дубай рейстері ұшу әуежайларына қайтарылып жатыр.
-
KC899 Алматы – Дубай рейсі Дели қаласына бағытталды.
-
FlyArystan әуе компаниясының FS7617 Ақтау – Дубай рейсі қосалқы әуежайға қонды.
28 ақпанға жоспарланған Таяу Шығыс бағытындағы өзге рейстердің барлығы тоқтатылды.
Айта кетейік, Израиль 28 ақпан, сенбі күні таңертең Иранға алдын ала соққы жасады. Шабуылды елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац растады. Тегеран қаласында кемінде үш жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыстар Иран астанасының орталық бөлігінде орын алған.