фото: almaty.tv
Түнгі уақытқа қарамастан, әуе айлағының халықаралық терминалында туған-туыстары, достары, журналистер және жанкүйерлері қарсы алды.
Тарихи жүлденің иегері туған қаласының тұрғындарына алғыс айтып, олардың қолдауын ерекше сезінгенін атап өтті.
Дәстүр бойынша чемпионға қымыз бен ыстық бауырсақ ұсынылды. Осы сәтте мәнерлеп сырғанаушының жанында әкесі Станислав Шайдоров пен Қазақстанның мәнерлеп сырғанау құрамасының бас бапкері Асем Касанова болды.
Жиналған қауымға сөз сөйлеген Михаил толқынысын жасыра алмай, қазақстандықтарға көрсеткен ерекше қолдауы үшін тағы да ризашылығын білдірді.
«Мені эмоция кернеп тұр. Арнайы келіп, мені күтіп алғандарыңызға рақмет. Өте қуаныштымын. Сүйікті қалама келіп, сіздердің осындай жылы лебіздеріңізді көру – мен үшін сөзбен айтып жеткізе алмайтын дүние!» деді Шайдоров жанкүйерлеріне.
Айта кетейік, салтанатты шара соңында спортшыға ерекше сыйлық табысталды. Танымал қазақстандық суретші Асель Сабыржанқызы Михаил Шайдоровқа оның кілемге тоқылған портретін сыйға тартты. Айта кетейік, бұл бірегей туындыны жасау барысында суретші қылқаламның орнына коньки пайдаланған.
Айта кетейік, 25 ақпан түні Астана халықаралық әуежайында Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты жанкүйерлері күтіп алды. Елге оралған бойда Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер берілсе, Софья Самоделкина мен жаттықтырушысына бір бөлмелі пәтер сыйға тартылды.
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады