27 Наурыз, 2015

Ел есіндегі ардагер

437 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
УОС-ЦВОй – парасаты биік, көкірегі ояу адамзат баласы соңынан жақсы із қалдыруды, халыққа шынайы қызмет етуді мақсат етеді. Әбу Нәсір бабамыз «Қара қылды қар жарған – жақсылардың белгісі» деген еді бір насихатында. Сол айтқанындай, қазақ жерінде халқына адал, жауына қатал болған, ізгілік пен әділдікті ту ғып ұстаған ерлер өткен. Солардың бірі – Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз, әділ заңгер Жөкіш Жарылғап. Ол кісі туралы сөз қозғалғанда заң саласындағы азаматтар, әсіресе, прокуратура қызметкерлері марқұм Жөкіш Жарылғапұлының атқарған қызметтері мен өнегеге толы еңбектерін жайып салады. 1920 жылы Ақтоғай ауданына қарасты Қызыларай ауылында дүниеге келген оның балалық шағы ауыр да қиын кезеңдерге дөп келді. Сол уақыттарда ашаршылық нәубетінен тоз-тоз болған халықтың арасынан болашақ заңгер жан дегенде жалғыз апасымен бас сауғалап, Петропавл қаласындағы балалар үйін паналаған екен. Ата-анадан жастай айырылған қос бүлдіршінге мейірін төккен жаңа отбасы тәлім-тәрбие беріп, бағып-қағады. Жарылгап ЖокишБалалығын балалар үйінде өткізген кейіпкеріміз оның берген білімін бойына сіңіріп, мектепті алтын медальмен бітіреді.Сол дәуірлерде жастарды кадр жетіспеуіне байланысты мектепті жоғары бағаға тәмамдаса болды, орта білімділігіне қарамастан, жұмысқа қабылдаған. Міне, сондай саясаттың шеңберінде Жөкіш Жарылғап Ақмола облысының Кеңес ауылындағы қазақ орта мектебіне мұғалім емес, басшы болып тағайындалады. Оның білімділігі мен біліктілігі, тәжірибелілігі аудандық кеңес атқару комитеті басшыларының көңіл аударуына септігін тигізеді. Сол кезде жас маман жоғары мемлекеттік органға еңбек нұсқаушысы ретінде жұмысқа шақырылады. Кейін Алматы қаласындағы заң институтына оқуға түсіп, оқып жүрген шағында сұрапыл соғыс басталып, әскер қатарына алынады. Қызыл әскер сапында соғыстың бірінші күнінен ұрысқа қатысып, Балтық бойы майданында жүріп, фашистер басып алған Литваның астанасы Вильнюс қаласын және Белоруссияның Лида шаһарын азат етуде ерекше ерлік танытқаны үшін жоғары наградаларға ұсынылады. Ол сондай-ақ, соғыс жылдарында саперлік батальонында қызмет етіп, кеңес әскерлерін, көліктерін жау минасынан сақтандыру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Отан соғысы жылдарында көрсеткен үлгілі және ерлік істері үшін әскери басшылықтың алғысына және медальдары мен ордендеріне ие болады. Соғыстан аман оралған Жөкіш Жарылғапұлы заң институтындағы оқуын қайта жалғастырып, 1947 жылы аяқтайды. Өмір мектебінен түйгені мол, кемеліне жеткен оның іс-тәжірибесі, жұмыс әдісі сот жүйесінің басшылығын қатты қызықтырады. Ақтоғай аудандық сотында сот орындау­шысы қызметін мінсіз атқара жүріп, прокурорлық істерді үйренеді. Аз уақыттан соң осы ауданда прокурордың көмекшісі, кейін прокурор лауазымына ауысып, әділдік тізгінін мықтап ұстайды. Өз өмірінде талай ауыр қылмыстардың бетін ашып, қылмыскерлердің жымысқы әрекеттерін әшкерелеп, заң саласының дамуына салмақты үлес қосады. 1950 – 1987 жылдар аралығында марқұм көптеген өңірлерде, көбірек Қарағанды облысының Саран, Шахтинск қалаларында прокурорлық қызметін әрқашан адал атқарып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіп, елді әділ және шыншыл еңбек етуге шақырған.Озат заңгер, аға әділет кеңесшісі Жөкіш Жарылғап тәрбиелеген заңгерлердің көпшілігі бүгінде биік абырой-беделге ие. Аманкелді ТҰРЖАНОВ,  журналист. Қарағанды облысы.