Иә, солай, полицей айдың-күннің аманында адам өлтірді. Басқасы басқа, полиция қызметкері адам өлтіруші ме еді дейсіз ғой. Өйткені, адам біреуден зәбір көрсе, құқы тапталса, кісі өлтірушілер келсе, ең әуелі полицейлерге шағым айтады. Бірақ, «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегендей, қазіргі күні қой терісін жамылған қасқыр кейпіндегі погон таққандардың кездесетіні өкінішті-ақ. Бұлай деуімізге талай мысал бар. Соның бірі Атыраудағы полиция қызметкерінің адам өлтіру күдігімен қамауға алынуы дер едік.
Нақтылай айтқанда, құқық қорғау орнына жергілікті азамат өзінің туысының із-түзсіз жоғалғаны туралы шағымданған. Жоғалған азаматты іздестіру барысында бұл қылмысқа полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпарат алынды, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.
Содан қазіргі күні осы қылмысқа күдікті 1993 жылы туған полиция қызметкері анықталып, ұсталған. Іздестіру шараларымен қаладан 33 шақырым қашықтағы Атырау-Индер тас жолының Алға ауылы тұсында, далада көміліп тасталған жәбірленушінің денесі табылған. Қазір адам өлтіру қылмысына күдікті екеу, бірі – полиция қызметкері, екіншісі – Өзбекстан Республикасының азаматы уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды. Ал бұдан кейін, яғни қарақшылық жолмен адам өлтірген полицейлерге деген сенім қарапайым халықта қалай болмақ? Мұндай сорақылыққа ІІМ басшылығы не дейді? Адам өлтіру жалғаса бере ме? Әлде тыйыла ма?
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
АТЫРАУ.

Айбын • Кеше
Жамбыл облысында жоғалған малшы аман табылды
Оқиға • Кеше
Айбын • Кеше
Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Өшпес даңқ • Кеше
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Кеше
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Кеше
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Кеше
Өшпес даңқ • Кеше
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Кеше
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Кеше