Фото: ҰҚК
Бірлескен операция нәтижесінде Алматы қаласында 8 кг синтетикалық «метамфетамин» затын алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Комитет қылмыстық-процестік кодекс талаптарына сай өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.