26 Наурыз, 2015

АҚШ: 13 жасар жасөспірім 6-дағы інісін атып тастады

244 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

20-03-15-rasstrel-1

АСТАНА. 26 наурыз. Американың Флорида штатындағы Хадсон қаласында 13 жасар бала өзінің 6-дағы інісін атып өлтіріп, үлкенін жарақаттаған. Содан кейін өзін өлтірген. Бұл туралы Euronews хабарлады. Қанды оқиға орын алған кезде үйде отбасының үш баласы ғана болған. Үлкендер үйде болмаған. 13 жасар жасөспірім 6-дағы інісін тапаншамен атып өлтіріп, 16-дағы ағасын жарақаттап тастаған. Сосын шүріппені өзіне бағыттаған. Полицияны жарақаттанып қалған бала шақырған. Округтің шерифі Крис Нокконың айтуынша, ағайынды үш бала ас кезінде бір-бірімен тамаққа бола келісе алмай қалған. «Балалардың жасын естіген кезде, болған оқиғаның қаншалықты сұмдық екенін біле түсесің, - деді шериф. -  Әне, алты жастағы бала өзінің бөлмесінде ойнап отырған. Сосын талас туа салып, ол өліп кетеді. Осы сұмдық көріністі көрген полицейдің өзіне психологиялық көмек керек болды». «Отбасы Хадсондағы жылжымалы үйлер саябағындағы трейлерлердің бірінде тұрған. Округ шерифі Паско Крис Нокко жасөспірімнің кешкі жеті жарымға таяу уақытта оқ атқанын айтады. Бірақ атқан жасөспірім мен оның құрбаны болған інісінің аты айтылмайды. Ал жарақат алып қалған үлкені ауруханаға жеткізілген. Оның өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Балалар сол кезде үйде өздері қалған. Олардың анасы жұмыста болған. Балалардың 18-дегі ағасы да сыртқа шығып кеткен. Қалған үш бала тамақ ішіп отырып, бір нәрсеге келісе алмаған. Сол кезде олардың ортаншысы тапанша алып келіп, қалған екеуін атқан. Соңынан бір оқты өзіне жұмсаған. Әзірге бұл үйге қарудың қайдан келгені, оның кімдікі екені белгісіз», - деп хабарлады Amerika.Ru.com. АҚШ-та балаларға отты қаруды ұстай білу көп жағдайда ерте бастан үйретіледі. Өткен жылғы тамызда Аризона штатында 9 жасар қыз УЗИ тапанша-пулпеметін қолында ұстап тұра алмай, өзіне атуды үйретіп тұрған нұсқаушыны өлімші етіп жарақаттады. Америкада отты қарудың тарау деңгейі тіпті автомобильдің танымалдылығынан да жоғары. Қазір АҚШ-тағы 315 млн. адамның қолында 270 миллионға жуық отты қару бар. Былайша айтқанда, бұл – әрбір 100 америкалық азаматтың 89-ы қаруланып алған деген сөз. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: Euronews.