Боранға байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылды. Осындай жағдайда полиция көлік қозғалысын колонналармен жүруді ұйымдастырды. Арты мен алдында жүрген патрульдік автомобильдер жылдамдықты 80 км/сағаттан асырмауды және бір-бірінен басып озбауды талап етіп отырды.
Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні СҚО аумағында полицейлер 600-ден астам жеңіл автокөлікті осылай, колоннамен алып жүрді. Қолайсыз ауа райы кезеңінде республикалық маңызы бар автожолдарда жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ.
Ақпанның ақтүтек бораны: Еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылады