Инвестиция • Бүгін, 10:32

Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет фармацевтика саласындағы ірі жобалардың біріне қолдау көрсетті. Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ арасында халықты қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамту және отандық өндірістің үлесін арттыруға бағытталған инвестициялық келісім бекітілді. Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады

Фото: ашық дереккөз

Бұл шешім Шымкенттегі Polpharma Santo кәсіпорнында жүзеге асатын ірі жобаның жаңа кезеңін бастауға жол ашты. Алдағы уақытта мұнда 300 жаңа жұмыс орны құрылып, салаға 39,5 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тартылады. Оның ішінде ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған қаражат та бар. Жаңа өндірістің алғашқы кезеңі 2029 жылдың соңына қарай іске қосылмақ.

Елімізде қандай дәрі-дәрмектер өндіріледі?

Жоба аясында онкологиялық, жүрек-қан тамыр, инфекциялық және созылмалы ауруларды, соның ішінде туберкулезді емдеуге арналған 38 түрлі дәрілік препарат өндіріледі. Барлық өнім халықаралық сапа талаптарына сай шығарылады.

Бастама отандық өндірушілердің үлесін көбейтіп қана қоймай, елдің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға, фармацевтика саласында тұрақты технологиялық база қалыптастыруға мүмкіндік береді. Халық үшін дәрі-дәрмектің қолжетімділігі мен сапасы да басты назарда. Сонымен бірге экспорттық әлеуетті арттыру көзделген.

Ең ірі биофармацевтикалық кешен салынады

Айта кетейік, бүгінде фармацевтикалық өнімдер өндірісі саласында жалпы сомасы 316,3 млрд теңгені құрайтын 6 инвестициялық келісім жасалған. Бұл бағыттың жүйелі түрде дамып келе жатқанын және Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісін жергіліктендіруге берік негіз қаланғанын көрсетеді.

Фармацевтикада отандық өндірушілердің үлесі қашан артады?

Соңғы жаңалықтар