Ата заң • Бүгін, 21:14

Жалын Тілеуберген: Конституциялық құндылықтар ұлттық болмысты сақтап, әділетте қоғам құруға жол ашады

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері мәдениет саласы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Жалын Тілеуберген: Конституциялық құндылықтар ұлттық болмысты сақтап, әділетте қоғам құруға жол ашады

Коалиция делегациясын Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева басқарды. Жиынға Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Болат Тілепов, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова және медиаменеджерлер, актерлер, продюсерлер қатысты.

Кездесу жаңа Конституция жобасын және алдағы референдум тақырыбына арналды. Жалын Тілеуберген Конституция жобасы Мемлекет басшының көтерген бастамалары мен халық сұранысы көрініс тапқан идеологиялық құжат екенін айтты. Оның пікірінше, мәдениет пен кино саласында еңбек етіп жүрген жастар үшін әрбір құндылық шығармашылық кеңістікке  тікелей қатысы бар.

«Мәдениет – сол идеологияның таратушысы, ал кино – оның ең ықпалды құралы. Жаңа Конституция жобасын зерделей келе, оның шын мәнінде идеологиялық құжат екеніне көз жеткіздім. Себебі онда маңызды бастамалар мен халықтың ортақ сұранысы көрініс тапқан. Жаңа Конституцияның 23-бабының бірінші және екінші тармақтарында «Сөз еркіндігіне, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндігіне кепiлдiк берiледi» және «Зияткерлік меншік заңмен қорғалады» деп нақты көрсетілген. Яғни, ел дамуының өзегіне адамды, оның білімі мен мәдениетін қояды. Бұл біз сияқты жас режиссерлер, актерлер, сценаристер, суретшілер үшін үлкен мүмкіндік. Өйткені енді шикізат емес, идея басты ресурс ретінде мойындалады», деді кинопродюсер.

Сонымен қатар ол Конституцияның құндылықтық іргетасында әділеттілік ұғымы жатқанын да сөз етті. Қатысу мәдениеті мен цифрлық дәуірдегі қауіпсіздік заманауи өнер үшін жаңа тақырыптарға жол ашатынын жеткізді.

Ресейдегі отандастарымыз жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс бере алады

«Әділет – кез келген драматургияның да, кез келген мықты фильмнің де жүрегі. Әділет бар жерде сенім бар. Сенім бар жерде қоғамда тұрақтылық пен ынтымақ қалыптасады. Жаңа Конституция адам қадір-қасиетін ең жоғары құндылық ретінде бекітеді. Бұл – мәдениет үшін негізгі философиялық ұстаным. Егер біз Конституциядағы құндылықтарды шығармашылық тілмен жеткізе алсақ, онда қоғамда жаңа сападағы азаматтық сана қалыптасады және еркін ойлауға, ұлттық болмысты сақтауға және әділетті қоғам құруға бағытталған», деп түйіндеді Жалын Тілеуберген.

Риза Сүйіндік: Конституция – билік үшін емес, халық үшін жазылған негізгі заң

Кездесу соңында қатысушылар алдағы референдумдағы таңдау мен әр азаматтың жеке жауапкершілігі туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ конституциялық нормалардың тиімді жүзеге асуы мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттырудың басты шарты екені айтылды.

Соңғы жаңалықтар