Қазақстанда алғашқы 7 айда бөлшек сауда көлемі 2,9 пайызға өсіп, сомасы 3 трлн. 328 млрд. теңгеге жетті. Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің хабарлауынша, осы жылдың қаңтар-шілде айларында сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеп, 1 трлн. 772 млрд. теңгені құраған.
Қазақстандықтар маусым айында төлем карталары арқылы 22,9 млн. транзакция жасады. Ұлттық банктің статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, бұл өткен жылғы маусым айындағы көрсеткіштен 10,2 пайызға көп. Бір айда жасалған транзакциялардың көлемі 687,4 млрд. теңге болды.
Биыл Астанада жылу құбырларын жаңартуға 533 млн. 933 мың теңге қарастырылып отыр. «Астана-Теплотранзит» АҚ өндірістік қызметінің жетекшісі Мәжит Шонаевтың айтуынша, ол жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. Компания жыл сайын елордада екі еселенген 13-14 шақырым жылу құбырларын алмастырып келеді.
Алматы облысындағы «Амиран» сүт зауытында 247 жұмыс орны ашылды. Кәсіпорында 2015 жылдың 4 айы ішінде 315,2 тонна сүт өңделіп, 203,8 млн. теңгеге 394 тонна өнім өндірілді. Жалпы, өндіріс орны жылына 1 500 тонна балаларға арналған сүт өнімдерін дайындауға арналған.
Шымкентте табысы төмен 600-ден астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Қала әкімі Дархан Сатыбалдының айтуына қарағанда, осы мақсатта 19,1 млн. теңге жұмсалған. Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған 447,5 млн. теңге жәрдемақы және 674 отбасыға 22,3 млн. теңге көлемінде тұрғын үй көмегі төленді.
Қостанай облысында соңғы бес жылда 4,4 мың ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыповтың мәлімдеуінше, оған 46 млрд. теңге жұмсалған. Биылдың өзінде өңірде 206 трактор, 74 комбайн, 40 егіс кешені, 90 тұқым сепкіш және 220 дана өзге де техника сатып алынған.
Батыс Қазақстанда биыл республикалық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстау үшін 600 млн. теңге бөлінді. «Қазақавтожолдың» батысқазақстандық филиалы директорының міндетін атқарушы Бауыржан Темірханов мұндай жолдың көлемі өңірде 1 287 шақырымды құрайтынын жеткізді.
Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі және «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

Айбын • Кеше
Жамбыл облысында жоғалған малшы аман табылды
Оқиға • Кеше
Айбын • Кеше
Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Өшпес даңқ • Кеше
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Кеше
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Кеше
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Кеше
Өшпес даңқ • Кеше
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Кеше
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Кеше