13 Тамыз, 2015

Қызылордалық жастар «Сыр үміті» сыйлығын алды

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13 08 - Sir umiti ҚЫЗЫЛОРДА. 13 тамыз. 2011 жылдан бастап өз ісінің көшбасшысы, нағыз патриот 120 белсенді азаматқа «Сыр үміті» сыйлығы тағайындалған болатын. Биыл да осы үрдіс жалғасын тауып, 30 жасқа лайықты құрмет көрсетілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сыйлық иегерлері қатарында жетекші инженер, білікті дәрігер, халықаралық дәрежедегі спорт шебері мен өнерпаздар, ауылшаруашылығы саласының мамандары, сондай-ақ жас ғалымдар да бар. Олар арнайы дипломмен және 150 мың теңге көлемінде сыйақымен марапатталды. «Сыр үміті» жастар сыйлығын иемденгендердің ішінде елдің атын шығарып, көк байрақты көкке көтеріп жүрген жерлестеріміз де бар. Дзюдодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдер арасында тұңғыш Әлем чемпионы, жасөспірімдер жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Бауыржан Жауынтаев сол қатарда. Елдің үмітін арқалаған жастардың арасында жұлдызы жанып тұрған Нұрым Сәлімгереев те бар. Ол – қазақ күресі, дзюдо, самбо мен белбеу күресінен спорт шебері. Қазақсатн чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы. Олар «Сыр үміті» сыйлығын өздеріне артылған үлкен сенім және зор жауапкершілік деп біледі. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz.