Фото: Туризм және спорт министрлігі
Паралимпия бағдарламасына пара сноуборд, пара хоккей, тау шаңғысы, арбадағы керлинг, пара биатлон және пара шаңғы жарысы енгізілген. Ел құрамасы пара шаңғы мен пара биатлон бойынша сынға түседі. Ұлттық құраманың сапына Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Анна Грачёва, Нұрлан Әлімұлы және Владислав Кобаль енді.
Қазіргі уақытта спортшылар Швейцарияның Санкт-Мориц қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын дүбірлі додада 79 медаль жиынтығы сарапқа салынып, әлемнің 600-ден астам спортшысы қатысады.
XIV қысқы Паралимпия ойындарының ашылу салтанаты 6 наурыз күні Верона Олимпиадалық аренасында өтеді.
Айта кетейік, қазір Италияда ХХV қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Дүбірлі додада Қазақстан әзірге 1 алтын медаль еншіледі.