Фото: kolesa.kz
Арнайы орталықты China Merchants Testing Vehicle Technology Research Institute компаниясы ашқан. Хэйхэ қаласында машинаны төмен температурада тексеретін базасы және бүкіл Қытай бойынша 2700-ден аса корпоративтік клиентке қызмет көрсететін бірнеше еншілес кәсіпорны жұмыс істейді.
Арнайы роликтер мен платформалар 130 км/сағатқа дейінгі жүру жылдамдығын имитациялап, алдыңғы көлікке кенет жақындау, шұғыл жолақ ауыстыру, жолға жүгіріп шығатын жаяу жүргінші сияқты әртүрлі сценарийде техниканың реакциясын анықтайды.
Зертхана құрғақ жолда ғана емес, тұманда және нөсерде жарық деңгейі әртүрлі (күндіз, түн, ымырт) тасжолда қозғалу сценарийлерін модельдейді. Яғни, кешен ADAS жүйесін кез келген ауа райында сынап көруге мүмкіндік береді.
Өткен жылы Қазақстан зауыттары 171 мыңнан астам көлік шығарды
CCTV арнасы жариялаған видеода жаңа орталықта алғаш болып Changan Nevo A06 көлігі сынақтан өткені байқалады. Мұнда мамандар модельдің электрондық көмекшілер жүйесін жолдағы түрлі күрделі жағдайда тексеріп көрген.