АСТАНА. 13 тамыз. Германияда Кёнигсзее көліне шомылмақ болған 16 жастағы бойжеткен су түбінен алтын құйма тауып алды. Бұл туралы осы елдің sueddeutsche.de газеті хабарлады.
Суға шомылып жүрген бойжеткен 2 метр тереңдікте жылтырап жатқан әлденені көзіп шалып қалады. Кейіннен бұл заттың 999,9 сынамалы алтын екені анықталды. Құйманың ұзындығы – 6,5 см, салмағы – 500 г, ал құны – 16 мың еуроны құрайды.
Тауып алған олжасы туралы қыз полицияға өзі хабарлаған. Жергілікті тұрғындар дүрлігіп кетпес үшін полиция қызметкерлері бұл ақпаратты бірнеше күн бойы құпия ұстайды. Алайда, көлді сүзіп шыққан сүңгуірлер ештеңе таппаған.
Бүгінгі таңда мамандар алтынның қайдан шыққанын анықтауда. Тергеуді алтын құймадағы нөмірдің өшіп қалғаны кейінге шегеріп отыр. Қазірдің өзінде құйманың Degussa неміс фирмасына тиесілі екені белгілі болған. Мұны фирманың сарапшылары да растап отыр. Олар сондай-ақ, алтын кесектің 1990 жылдан 2005 жыл аралығында дайындалғанын да мәлімдеді.
Егер алтынның қожайыны жарты жыл ішінде табылмаса, Германия заңдарына сәйкес, олжаны тауып алған бойжеткен өзіне қалдыра алады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: sueddeutsche.de.
Сурет: Polizei, DPA.
• 13 Тамыз, 2015
Германияда бойжеткен көлден алтын құйма тауып алды

Айбын • Кеше
Жамбыл облысында жоғалған малшы аман табылды
Оқиға • Кеше
Айбын • Кеше
Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Өшпес даңқ • Кеше
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Кеше
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Кеше
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Кеше
Өшпес даңқ • Кеше
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Кеше
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Кеше