Референдум • Бүгін, 18:13

Жаңа Конституция: Референдум – тұрақты болашаққа бастайтын стратегиялық таңдау

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен «Жаңартылған Конституция – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті. Жиында жаңа Конституция жобасы талқыланып, 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумды қолдау мәселесі қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа Конституция: Референдум – тұрақты болашаққа бастайтын стратегиялық таңдау

Фото: «Ауыл» партиясының баспасөз қызметі

Форумның басты мақсаты – жаңартылған Ата заң ережелерін кәсіби тұрғыда саралау, оны іске асыруға қатысты ұсыныстар әзірлеу және сарапшылар қауымдастығының ортақ ұстанымын қалыптастыру. Қатысушылар Конституциялық реформаның ел дамуы үшін маңызын атап өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдар өкілдері, саяси партия мүшелері, ғалымдар, қоғамдық ұйымдар мен жастар бірлестіктерінің жетекшілері қатысты. Олар жаңа Конституция тұрақты даму мен қоғамдық келісімді нығайтудың негізі болатынын айтты.

Сарапшылар: Жаңа Конституция жобасы мемлекеттік жүйенің орнықтылығын арттырады

«Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Ғалымжан Құсманғали алдағы референдумның саяси мәніне тоқталды. Оның айтуынша, бұл үдеріс азаматтардың билік институттарына деген сенімін күшейтіп, ел болашағына қатысты шешім қабылдауға тікелей қатысуына мүмкіндік береді.

«Референдум өткізу – халық пікірін бекітудегі шешуші кезең. Біз оның өтуін толық қолдаймыз және әрбір азамат өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік алуы тиіс деп сенеміз», деді ол.

Жиында «Қоғамдық келісім» РММ жетекші сарапшысы Ержан Ибраев, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры Жасқайрат Ерназаров, «Жастар қанаты» бірлестігінің жетекшісі Нұрбек Нұрсейтов, Саяси кеңес мүшесі Марина Богомолова, кәсіпкер Болат Шакимов, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы Тұрар Шайхиев және кәсіпкер Максим Пак өз пікірлерін білдірді.

MNU профессорлары жаңа Конституция жобасын қолдады

Баяндамалардан кейін сараптамалық пікір алмасу сессиясы өтіп, қатысушылар ұсыныстарын ортаға салды. Талқылау барысында жаңа Конституцияның құқық үстемдігін нығайтуға, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге және әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын орнықтыруға бағытталғаны айтылды.

Форум қорытындысында қатысушылар бірауыздан жаңа Конституцияны елдің қауіпсіз, әділетті әрі тұрақты дамуының берік негізі ретінде бағалап, алдағы референдумды қолдайтындарын мәлімдеді. Сарапшылардың пікірінше, жалпыхалықтық дауыс беру – стратегиялық бағытты айқындайтын маңызды кезең.

Парламентаризм институты жаңа Конституция жобасын қолдады

Соңғы жаңалықтар