Алаяқтың «банк менеджерімін, жинақтарыңызды басқа жерге аудару керек» деген сөзіне сенген әйел банк шоттарыдағы қаражатын өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында «қауіпсіз шоттарға» кезең-кезеңмен аударып отырған. 53 жастағы әйел тек қаңтар айында ғана 18 млн теңгесінен айырылғанын білген.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Істің барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының жеке қадағалауына алынды.
«Салық жүйесінде қайта тіркелу керек»: Алаяқтарға сенген ақтөбелік 12 млн теңгесінен айырылды
Еске сала кетейік, Ұлттық антифрод-орталығы 90 мың азаматты алаяқтардың арбауынан сақтап қалды.