13 Тамыз, 2015

Алматыда автокөлік аударылып, бір адам қаза тапты

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-08-2015-Avaria 1 АЛМАТЫ.  13 тамыз. Алматыдағы Таусамалы шағын ауданында су таситын автокөлік аударылып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады. Тау жолынан төмен түсіп келе жатқан су таситын автокөлік тоқтай алмай, қарсы беттегі BMW жеңіл көлігіне соғып барып, жол жиегіндегі бағанға ұрынып аударылады. Осы тұста жаяу жүргінші жолымен кетіп бара жатқан бір ауыл тұрғыны көліктің астында қалып, қаза тапты. Екі жүргінші ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Апат болған жерде полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: tengrinews.kz. 13-08-2015-Avaria 2