фото: ҰОК
Бұл спорт түрінде Қазақстан намысын Шыңғыс Ракпаров қорғады. Тұғырдан секіру нәтижесі бойынша ол 35-орынға жайғасты. Шаңғы жарысында спортшы дәл осы орыннан, көшбасшыдан 2 минут 59 секунд айырмашылықпен жарыс жолына шықты.
Ракпаров 32-орында мәре сызығын кесіп, жеңімпаздан 8 минут 48,6 секунд артта қалды.
Норвегиялық Йенс Лураас Офтебро жарыста жеңіске жетті. Екінші орынды австриялық Йоханнес Лампартера, ал үшінші орынды финляндиялық Ээро Хирванен иеленді.
Айта кетейік, Шыңғыс Ракпаров Олимпиада ойындарында үлкен тұғырда да өнер көрсетеді.