Қоғам • Бүгін, 12:35

Технология күзетте: Орал полицейлері цифрлы жүйенің көмегімен күдіктіні ұстады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы түнгі клубтардың бірінде заманауи цифрлы технологиялардың көмегімен іздеуде жүрген азамат қолға түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Технология күзетте: Орал полицейлері цифрлы жүйенің көмегімен күдіктіні ұстады

Фото: ІІМ

Тану функциясымен жабдықталған бейнеаналитика жүйесі бейнені автоматты түрде іздеуде жүрген адамдардың дерекқорымен салыстырып, сәйкестікті анықтаған. Сигнал нақты уақыт режимінде жедел басқару орталығына түскен.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, патрульдік полицейлер ер адамның орналасқан жерін анықтап, оны ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Анықталғандай, күдікті Ақтөбе облысы аумағында жасалған алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілініп, іздеуде болған.

Салық төлеуден жалтару схемалары ЖИ арқылы анықталады

Бүгінде технология қауіпсіздікке қызмет етіп жатыр – цифрлы бейнеаналитика полицияның әрекет етуін жеделдетіп, іздестіру жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ғалымдар ЖИ арқылы жалған ақпаратпен күресетін құрал әзірледі

Соңғы жаңалықтар