Қоғам • Бүгін, 11:45

Газ құю стансаларында қауіпсіздік талаптары күшейтіледі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында газбен жабдықтау мәселелері жөніндегі заң жобасында «коммуналдық-тұрмыстық тұтынушы» және «өнеркәсіптік тұтынушы» ұғымдарын ажырату мәселесі талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Газ құю стансаларында қауіпсіздік талаптары күшейтіледі

Фото: qaz-media.kz

Энергетика министрлігінің қағидаларына сәйкес барлық тұрмыстық тұтынушы үшін тауарлық газды тұтыну нормаларын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.

Газ және газбен қамту саласындағы ұлттық операторға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен салынатын газ құбырларының құрылысына арналған жобалау тапсырмаларын келісу, сондай-ақ газбен қамту бойынша бюджет жобаларының құрылыс барысын бақылау функциялары жүктеледі.

Ресейден Қазақстанға өтетін газ құбыры қашан іске қосылады?

Сонымен қатар, бюджет қаражаты есебінен салынған газ құбырларын әкімдіктер газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тікелей береді.

Сондай-ақ еліміздегі газ құю стансаларында қауіпсіздік талаптарын күшейту көзделіп отыр.

Газбен қамту мәселелері бойынша мақұлданған түзетулер аясында жергілікті атқарушы органдарға автогаз құю стансаларының шекті санын белгілеу жөнінде өкілеттік беру жоспарланып отыр.

Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды

Сонымен қатар, заң жобасында газ құю бекеттерінде қауіпсіздік деңгейі арттырылады. Атап айтқанда, жаңадан ашылатын автогаз құю стансаларына ауқымды ыдыстарды жер астына орналастыруды міндеттеу, ал жұмыс істеп тұрған стансаларды 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін осы ыдыстарды жер астына көшіруді міндеттейтін өтпелі кезең белгілеу ұсынылады.

Сондай-ақ, көлік құралдары мен тұрмыстық газ баллондарын заңнамада белгіленген орындардан тыс жерде толтыруға тыйым салынады.

Газ тапшылығы болмай ма?

Соңғы жаңалықтар