АҚТӨБЕ. 13 тамыз. Ақтөбеде телеэкспедиция жолға шықты. Бұл телеэкспедицияны «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырды. Оның құрамындағы шығармашылық топ облыстағы 12 ауданды аралап, тарихи зерттеулер жүргізіп, тың деректерді тауып, бейнебаян түсіреді. Осы жұмыстардың нәтижесі «Атажұрт» бағдарламасында көрсетілетін болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ғылыми экспедицияның жетекшісі – тарихшы Бекарыстан Мырзабай. Жобаның бас демеушісі – «Көл-Авто-Ақтөбе» көлік орталығы. Ал «Атажұрт» бағдарламасының редакторы, тележүргізуші Ербол Шыма.
– Биыл Керей мен Әз Жәнібек негізін қалаған Қазақ хандығына 550 жыл толады. Біздің ұжымның ұйытқы болуымен ұйымдастырылған телеэкспедицияның басты мақсаты – осы ел өміріндегі елеулі оқиғаның өз деңгейінде аталып өтілуіне үлес қосу болып табылады. Біздің өңірде құнды жәдігерлер, тарихи орындар өте көп. Көненің көзіндей сол тарихи орындарды зерттеп, зерделеп, көрермендерге ұсынуды мақсат еткен экспедиция жұмысы Алға ауданынан басталады, – дейді Раукен Отыншин.
Шығармашылық топ өз жұмысын Есет Көкіұлы кесенесіне барып, ата рухына тағзым етіп, құран бағыштаудан бастайды. Одан кейін тедеэкспедиция белгілі ақын Ізтай Мәмбетовтің кіндік қаны тамған Табантал-Бесқоспа селолық округіне барады. Жоспар бойынша экспедиция мүшелері әр ауданға бір күннен аялдайды.
Телеэкспедицияның ғылыми жетекшісі Бекарыстан Мырзабай уақыттың тығыздығын, осы аз уақыттың ішінде мол мәлімет жинап үлгеру керектігін айтады. Біздің облыстың қай өңірі болмасын, тұнған тарих, толған шежіре екенін алға тартады. Мысалы, Алғада әйгілі Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов дәріс берген мектептің орны бар екенін, Алаш көсемінің мұнда 17 жыл Алға өңірінде болыс болған Ахметкерей Қосуақовтың арнайы шақыртуымен келгенін жеткізді. Ол ағылшын саяхатшысы Джон Кэстльдің Қарғалы, Жаман Қарғалы өзендерінің бойында бірнеше күн аялдап, қорғандарды қазғаны туралы деректер бар екенін де тілге тиек етті. Сондай-ақ, Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған Асан Қайғы бабамыздан қалған керемет жырларды халқымыздың жадында сақталғанын еске сала келіп, телеэкспедиция сапары барысында атқарылар шаруалардың бірқатарына тоқтала кетті.
Жиында «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясының директоры Раукен Отыншин «Көл-Авто-Ақтөбе» көлік орталығының өкілі Рафаэль Мамбетовке телеэкспедицияның туын табыс етті. Сөйтіп, тарихты түгендеуге бағыт ұстаған телеэкспедиция жолға шықты. Бұл сапардың тағылымды да, табысты болатынына сенім мол.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: otautv.kz

Айбын • Кеше
Жамбыл облысында жоғалған малшы аман табылды
Оқиға • Кеше
Айбын • Кеше
Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Өшпес даңқ • Кеше
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Кеше
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Кеше
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Кеше
Өшпес даңқ • Кеше
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Кеше
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Кеше