Заң мен Тәртіп • 05 Ақпан, 2026

Түркістан өңірінде заңсыз алтын өндірген 12 күдікті ұсталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған облыстың Созақ ауданында заңсыз алтын өндірген топ анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан өңірінде заңсыз алтын өндірген 12 күдікті ұсталды

Фото: Ашық дереккөз

Тексеру барысында белгілі болғандай, рұқсат құжаттарсыз, экологиялық заңнаманы және өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып, шамамен 451 грамм алтынды 12 адам заңсыз өндірген. Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы 1 және 3-бөліктерінде көзделген құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қостанай облысында заңсыз алтын өндіргендер жауапқа тартылды

«Күдікті тұлғаларға қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, 5  күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», делінген облыс прокуратурасының хабарламасында.

ШҚО-да заңсыз алтын өндірушілер ұсталды

Соңғы жаңалықтар