Өнер • Бүгін, 07:50

Көнеден жеткен сарын

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Роза Бағланова атын­дағы «Қазақ­­концерт» мемле­кет­тік академиялық кон­церттік ұйы­мын­да белгілі қобызшы, Мәдениет саласы­ның үздігі Мақсат Медеу­­бектің «Qobyz soul – dastur» ат­ты концерті өтті.

Көнеден жеткен сарын

Қобыз үнінде тылсым сыр бар. Оны тыңдаған­да­ ғасырлар қойнауын­­­­­­да­ғы баба­лардың көне ­са­­­­­ры­­­­нын естігендей бола­сың. Талантты өнерпаз­­дың ­ке­­шінде осындай күй­ді бас­­тан кештік. Кон­­церт ба­ры­сында жұртшылық қо­­­быздың бай тарихымен та­­нысып, жылы әсерге бө­ленді. Сондай-ақ кеш иесі Қорқыт, Ықылас, Тәттім­беттің туындыларын нақы­шына келтіріп тартты.

Жалпы, қобыз – түр­кі халықтарына ортақ музы­калық аспап. Сондықтан бұл концертте татар, қара­қалпақ, тағы басқа түр­кі халықтарының шы­ғар­­ма­лары да орындалды.

Бағдарламаның мақса­ты – қобыз өнерін дәріп­теп, оның орындаушылық мүмкіндігін дамыту. Бұрын қобызды бақсылық дәстүр­мен байланыстыратын.

с

Мақсат Медеубек бү­гінде қобыз аспабы зама­науи талапқа сай акаде­мия­лық бағытта дамуда екенін айтты.

«Қазір қобызбен Анто­нио Вивальди, Вольфганг Амадей Моцарт, Йозеф Гайдн, Иоган Себастьян Бах сынды әлемге әйгілі ком­позиторлардың шы­­ғар­­маларын орындауға бо­лады. Сонымен қатар эстра­далық жанрда да қобыз­дың әлеуеті зор. Бұл аспап арқылы жеңіл каверлік туын­дыларды орындап, кең аудиторияға насихат­тауға мүмкіндік мол», дейді ол.

Қысқасы, өнер ке­шіне келген көрермен да­рын­ды қобызшының орын­дауындағы күйлерді тың­дап, рухани демалды.

Соңғы жаңалықтар

Қаратау қазынасы қисапсыз емес

Экономика • Бүгін, 08:55

Агросаладағы ауқымды жобалар

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Мұғалім жұмыссыз қалмайды

Қоғам • Бүгін, 08:37

Ақ зер әлемнің алтын тілләсі

Басылым • Бүгін, 08:25